АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ОҚЫЛҒАН ЛЕКЦИЯ 02.12.2016 16:40

  DSC_03131 желтоқсан   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның он екінші сайланған тұңғыш тәуелсіз Парламентінің депутаты А.Доғалақов Семей қаласының М.Қалматаев атындағы медицина колледжінің ІІ курс студенттеріне «Елі сүйген Елбасы» тақырыбында лекция оқыды. 

  Лекция барысында Амантай Айтмырзаұлы Қазақстанда ең алғашқы жалпыхалықтық Президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өткені және сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен  жеңіске жеткендігі, батагөй, қарт ақын Шәкір Әбеновтың Елбасына бата бергені жайлы айтып, кеңінен тоқталды. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонғанын тілге тиек етті.

  Лекция соңында студеттер мол мағлұмат алып, тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырған мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.