АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ 27.11.2017 09:57

  DSC_01211 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Кітап көрмесінің мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымын, даналығын, өмір жолын үлгі етіп, жас ұрпақты Отанын, халқын, жерін сүюге, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.

  Көрмеге Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», « Бейбітшілік кіндігі», «Евразия жүрегінде», «Мәңгілік ел»,  «Ұлы дала ұлағаттары» атты  еңбектері, Президенттің өмірі мен еңбек жолына арналған М.Қасымбаевтың «Первый. Очерки о Президенте Республики Казахстан» кітабы, Елбасы туралы айтылғанDSC_0117 ойлар, Елбасының ұлы ақын Абай туралы «Зерде» кітабына жазылған  сөздері қойылды.

  Елбасы қасиетті Абай жерінде, оның ішінде Абай қорық-мұражайында бірнеше мәрте болған. Көрмеде Елбасының  Абай еліне келген сәттерінен көрнекі мәлімет беретін «Абай елі», «Абай тойы» кітаптары, Елбасының 1991 жылғы ақын Шәкір Әбеновтен бата алу сәтінен бастап, өмір жолының әр кезеңдерін бейнелейтін фото суреттер орын алып , көрменің мазмұнын аша түсті. 

  «Мәңгілік ел» туралы, биылғы жылдың айтулы оқиғасы «ЭКСПО-2017»    тақырыбына байланысты материалдар, тәуелсіздік ел шежіресінен үзінділер келтірілген.

  Н.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары»  туындысы да көрме қонақтарының ерекше назар аударған туындысы болды.