АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ 05.12.2016 16:32

  1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай музей кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Елбасы қасиетті Абай жерінде, оның ішінде Абай қорық – мұражайында бірнеше мәрте болған. Мұнда мемлекет басшысының сыйға берген тартуларынан тұтастай коллекция жинақталған. Бұл ерекше коллекция 1995 жылы 10 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Абайдың 150 жылдық мерейтой салтанатына қатысып, мұражай қорын бірнеше құнды жәдігермен толықтыруынан бастау алған.

  Көрмеге Елбасының Абай жеріне келген сәттерінен көрнекі мағлұмат беретін «Абай тойы», «Абай елі» кітаптары қойылды.

  Көрмеде Н.Назарбаевтың «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында» «Бейбітшілік кіндігі», «ЕвразияDSC_0253 жүрегінде» еңбектері, Президенттің өмірі мен еңбек жолына арналған М.Қасымбаевтың «Первый. Очерки о Президенте Республики Казахстан» кітабы, Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «100 нақты қадам», «Нұрлы жол» бағдарламалары орын алды.

  Абай музейінің ұжымы жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Н.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» туындысын басып шығарып, келушілерге ұсынды. Көрме қонақтарының ерекше назарын аударған да Елбасының осы туындысы болды.