Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Алаштың арда азаматтарының бірі Тоқтар Әубәкіров келді. Шырайлы Шығыс еліне ат басын тіреп, Абай мұрасын құрмет тұтып келген қонақты
музей ұжымы ыстық ықыласпен қарсы алды.
Содан соң, музейдегі құнды деректермен, архив материалдарымен, Абайдың өз қолымен тапсырған бағалы жәдігерлерімен, өнегелі өмірімен жан-жақты танысты.
Соңында, «Абайдың қара шаңырағы – рухани құндылықтың қайнар көзі» екенін айтып, музей ұжымына алғысын білдірді.