АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ НАСИХАТТАЛУЫ 12.08.2019 18:04

68275849_678766032597833_4693608881761288192_n   Абай Құнанбайұлының 174 жылдығы және қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданының ұйымдастыруымен «Өңір және тұлғалар» тақырыбында ғылыми конференция өткізілді.
  Аталған конференцияда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің 68286713_678766002597836_9083886716149825536_n қорында сақталған Хакім Абай тұтынған асыл жәдіргерлердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Жергілікті халықтың қызығушылығын тудырған көрмені 400 тарта адам тамашалады. Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков, жазушы 67841876_678766025931167_577464370196381696_n М.Байғұт және басқа да баяндамашылар мен жиынға қатысушы Д.Мыңбай, З.Ахметова, Д.Тұрлыбек, А.Әлсейітов, Қ.Айтбай сынды зиялы қауым өкілдері және конференция қонақтары Абай жәдігерлерімен жақын танысып, көрмені ұйымдастырған музей ұжымына алғысын білдірді.