АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

СЫР ЕЛІНДЕ АБАЙ МҰРАСЫ СЫР ШЕРТТІ 21.02.2020 17:00

87039249_829047944236307_5599205188549214208_n   Бүгін 21 ақпан күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың "Жидебай-Бөрілі"86793559_829048057569629_706219780264165376_n мемлекеттік қорық-музейі және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай - дара қазақта» тақырыбындағы көрме ашылды.
87283876_829048257569609_4363153354977705984_n   Шараға Қызылорда қаласының зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен87058367_829048414236260_6306750777973014528_n студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
  Көпшіліктің назарына ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, фотосуреттер, Абай алақанының табы қалған жәдігерлер, Абай оқыған Ахмет-Риза мешіт-87075771_829048107569624_1678932608978780160_n медресесінің араб, түрік, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптары, этнографиялық бұйымдар ұсынылды. 87070693_829048177569617_6758875134750097408_n
  Ұлы ақынның өнегелі өмірін барынша қамтитын бұл көрме Сыр жұртшылығы мен Ұлы Абай елі үшін тың серпіліс, рухани нәр, тарихи байланыс болып отыр. Көрмені тамашалауға келген көрермендер Абай музейінің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
87157218_829048234236278_5954304915554697216_n   Аталған көрме Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 1 наурызға дейін жалғасатын болады.