АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ШЫРАЙЛЫ ШЫҢҒЫСТАУДАН КИЕЛІ ОТЫРАРҒА 12.03.2020 13:00

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы сапар орталығында «Шежірелі Шыңғыстаудан – Киелі Отырарға» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 
   Ұлы тұлға, ойшыл-ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өткізілген көрмені Отырар ауданының әкімі Әбдіғани Жүнісов алғы сөзімен ашып, ақынның 175 жылдығына арналған шараларды ұйымдастырушы Абай музейінің әкімшілігіне ризашылығын жеткізді.
Көрмеге зиялы қауым өкілдері, қонақтар мен жас ұрпақ қызығушылық білдіріп, бірнеше бөлімнен жасалған көрме арқылы Абай әлемімен жан жақты танысты.
   Ұйымдастырылған көрмеде хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі, тарихи құжаттар мен архив деректері, құнды кітаптар, ақынның қолының ізі қалған жәдігерлер ұсынылды. 

   Ұлы ойшылдың ғибратты ғұмыры мен рухани шығармашылығын жиналған қауымға музейдің жетекші ғылыми қызметкерлері Н.Өмірбекова және Н.Боранбаев кеңірек таныстырды.

         89519286_842925899515178_6295389343934578688_n    89850837_842925399515228_2456054413739950080_n

         89823083_842925489515219_2912563189096906752_n                89819615_842925456181889_7600287617770323968_n

        89568544_842925716181863_5300439725771849728_n      89549837_842925639515204_4807792760578899968_n

       89762934_842925776181857_7950798060550881280_n      89694088_842925852848516_5096494664010170368_n