АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ШЕЖІРЕЛІ АҚСАҚАЛ – АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ 01.10.2019 14:56

71517736_711606679313768_2343525158188220416_n (1)    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ұлылар мекенінің тумасы, шежіреші Бекен Исабаевпен кездесу кеші өтті. Кешке музей қызметкерлері мен 71333392_711606759313760_5053923102791041024_n мектеп оқушылары қатысты.
   Кездесу барысында қара сөздің шешені абыз ақсақал Абай туған елді-мекеннің тарихынан сыр шертіп, кездесуге келген оқушыларға М.Әуезовтің жазған еңбектерінің мазмұны мен тәрбиелік мәнін түсіндірді. Заңғар жазушының ұлы романы «Абай жолындағы» әрбір кейіпкерлер мен оқиғалар 72413418_711606719313764_2950615160525422592_n жайында қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің ашылу тарихын баяндады. 
   Сонымен қатар оқушылар данагөз қарияға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған ұлылар жеріне қатысты көптеген дүниелерден мағұлмат алды. Сөз соңында абыз ақсақал көпшілікке ризашылығын білдіріп, жас балаларға ақ батасын берді.