2016 жылдың 22 тамызында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ақын, Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы Шәкір Әбенұлының 115 жылдығын атап өтті.
Құндызды ауылындағы ақынның мұражай-үйінде шараның салтанатты ашылуы басталып, ақын рухына арналған жырлар оқылды. Мерейлі шараға қатысушылар мұражай экспозициясын тамашалап, ақынның шығармалары, жеке тұтынған заттарымен танысты.
Сағат 12.00-де абыз ақынға ас беріліп, жалғасында ат жарысы, қазақ күресі мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Кешкі сағат 20.00-де Құндызды ауылының жастар саябығында «Қаламқас» ән-би ансамблінің қатысуымен мерекелік концерт, би кеші өткізілді.
Шараға ауыл ақсақалдары, ақын ұрпақтары мен мектеп оқушылары қатысты.