АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ШӘКӘРІМНІҢ САЯТ ҚОРАСЫ» МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ 22.08.2018 14:21

DSC_1914  Шәкәрім Құдайбердіұлы  - жастайынан хәкім Абайдың тәлімі мен тәрбиесін терең ұғынып өскен талантты шәкірттерінің бірі. Өзінің өмір жолында данышпан Шәкәрім шығармашылық ізденістерден бөлек саятшылық, аңшылық өнері мен ел арасында қолөнер шебері ретінде танымал болған тұлға. Қажылық сапарын өтеп, таяу шығыстағы мұсылман елдерін аралап олардың кітапханасымен танысып, қырық жыл жиғанын халыққа қайтарып бермекDSC_2085 болып, оңаша елден шығып, қалған өмірін білім мен ғылымға арнайды.

  Бірақ Алашорда үкіметінің биі болған Шәкәрімнің ел ішіндегі беделі аумалы-төкпелі кезеңдердегі үкімет саясатына қырын келіп Шыңғыстау ішінде қызыл жендеттер қолынан қаза табады. Сүйегі Құрқұдыққа тасталып, 30 жыл бойы сол жерде жатады. КемDSC_2108еңгер ақынның ұлы Ахат ақсақалдың ізденісінен соң ойшыл Шәкәрімнің сүйегі өзінің ағасы әрі ұстазы хәкім Абайдың жанынан мәңгілікке сая тауып Жидебайға жерленеді.

Бірақ ақынның шығармашылық мұрасы тағы да 30 жыл күттіріп барып түгелдей дерлік ақталады. Сол сәттен бастап қазақ әдебиетінде шәкәрімтану ғылымы зерттеліп, Шәкәрімнің ойы мен сөзі терең тамыр жайып, биікке қанат қақты. Елімізде данышпан Шәкәрімнің 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Өмірі мен шығDSC_1981армашылығы қалың оқырманға етене жақын таныстырылғаны белгілі.

Биылғы жылы да Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойын атап өту шарасы «Абайдың Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ұйымдастырыуымен 2017 жылдың желтоқсан айынан бастау алған болатын. Мерейтой аясында «Shakarim.kz» сайты ашылып, еліміздің үлкен қалаларында жылжымалы көрмелер, қаламызда сайыстар мен семинарлар ұйымдастырылып, шәкәрімтануға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу мақалалары жарық көрді. Бұл бүгінгі күнге дейін ойға алған жұмыстардың орындалғандары болатын.

Ағымдағы жылдыңDSC_1969 20 тамыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы аясында «Шәкәрімнің саят қорасы» экспозициясы жөнделіп әрі қайта құрылымдалып музей ретінде ашылды. «Шәкәрімнің саят қорасы» музейінің ашылуы мен салтанатты тұсаукесер рәсіміне Семей қаласы мен Абай ауданының зиялы қауым өкілдері қатысып, мазмұны бұрынғыдан да молая түскен музей жәдігерлерімен танысты.

   Ең алдымен Жидебай аспанын шаттық пен қуанышқа бөлеп алыс-жақыннан жиналған Омарбек Байуақов, Бекен Теміров, Дүйсенбек Жақсыбаев, Мұратбек Оспанов, Манатай Толғанбаев, Байбота Орынбаев, Марат Түңлікбаев, Төлеген Жанғалиев, Совет Махметов, Әсет Мырзақасым сынды құрметті меймандар хәкім Абай мен Шәкәрімнің басына тәу етіп, құран бағыштады.

   Облыс әкімінің қоғамдық кеңесшісі Байбота Орынбаев, тыл ардагері, дербес зейнеткер Манатай ТолғанDSC_2118баев және Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Түңлікбаевтар «Шәкәрім саят қорасы» музейінің тұсауын кесіп, жаңадан жабдықталған музеймен танысуға мүмкіндік туды.

         «Жапанда жалғыз жаттым елден жырақ,

         Көп іші болмаған соң маған тұрақ,

         Жасымнан сүйген өмірім – оңашалық,

         Қартайып, алжып тұр ғой деме, шырақ!» -

деп өлеңмен сыр ашқан, дүние ғылымына, ар іліміне, әлемдік фәлсәфаға Шақпақтағы «Саят қорада» жатып жол салған Шәкәрім қажының өмірі бүгінгіге дейін көпке жұмбақ болып қала бермек.

   1925-ші жылы Шақпақ тауының күнгейінде бой көтерген саят қора маңында шошала, айналдыра салынған пішен қора, ат қорасы болған екен. Бұл жерде ақынның мәңгі өлмес туындылары, тарихи – философиялық, поэзиялық шығармалары дүниеге келген, -  деп тарихтан сыр шертеді Шәкәрімнің ұлы Ахат өзінің естеліктерінде.

   Абай ауданының орталығынан 100-120 шақырым жердегі Саят қора саз кірпіштен (саманнан) салынғандықтан бұрынғы қалпын жоғалтып, төрт қабырғаның сұлбасы ғана сақталып қалған. Тағы бір қиындығы Шәкәрім өмірін тануға ынтызар жас ұрпақ үшін аталған мекен тым қашықта орналасқан. 2006 жылы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің Жидебайдағы бөлімінде «Шәкәрімнің саят қорасы» экспозициялық залы ашылған еді.

   Биылғы жылы Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойы аясында аталмыш нысанға күрделі жөндеу жқмыстары жүргізілді. Музей кіреберісі қайта қаланып, жаңаша бой көтерді. Ұзындығы 14 метр, ені 4,5 метрді құрайтын қоспа ғимараттың биіктігі 4,7 метр. Бұл нысан шындығында жаңашыл-танымдық сипатқа ие. Шәкәрімтану ғылымына үлес қосатын мәдени орталық болып табылады.

   Бұл жұмыстар «Шәкәрімнің саят қорасы» музейінің тарихи сыпатын ашып, тақырыптық мазмұнын байытып, жәдігерлер қатарын толықтыруға, ақын өмірі мен шығармашылығына терең бойлауға мүмкіндік берді. Жалпы құрылыс шілде айының соңында аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар жәдігерлер жеткізілді. Олардың ішінде ат әбзелдері, жабайы аң терілері, шежіре мен танымдық материалдар, сол заманның тұрмыстық заттары бар. Әсіресе, Шәкәрім бабамыздың замануи материалдан сомдалған келбеті келушілердің көңіліне ұялап, жұртшылыққа жылылық сыйлайтыны анық.

   Музейдің ашылу рәсіміне қатыстқан меймандар Кеңгірбай бидің кесенесіне барып құран бағыштады. Шара соңында Шәкәрім Құдайбердіұлы мен қасиетті мекенде мәңгілікке жай тапқан аруақтарға арнап құран-хатым түсірілді.

   Жидебай жерінде «Шәкәрімнің саят қорасы» музейінің ашылуы  Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы аясында атқарылатын игі іс. Бұл жұмыстар шәкәрімтануға, кемеңгер ақынның бай мұрасын насихаттауды одан әрі жандандыруға септігін тигізеді.

Қуат Қиықбай,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің ғылыми қызметкері