АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ШӘКӘРІМГЕ АРНАЛҒАН «ӘРҚАШАН ҰМЫТЫЛМАСҚА» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 17.01.2018 15:56

DSC_000617 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде көрнекті ақын, философ, тарихшы, Абайдың тәлім-тәрбиесін көріп, өмірін біліммен өрнектеген, Алашқа алғаш рет «Ар-ұждан» философиясын енгізген даланың дара саңлағы, «Қазақ айнасы», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітаптарының авторы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Әрқашан ұмытылмасқа» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.DSC_0030

Шараны құттықтау сөзімен ашқан музей директоры Болат Жүнісбеков «Ақшың» корпорациясының президенті, «Шәкәрімтану мәселелері» атты бес томдық ғылыми жинақты қаржыландырған белгілі меценат Марат Серікжанұлы Құрманбайға  ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының және «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың алғыс хатын, сонымен бірге «Абай» медалін табыс етті.

DSC_0042Одан кейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетов Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі жайында ой толғаса, Шәкәрім университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Жетібаев ақынның рухани құндылықтары тақырыбында сөз сөйледі.

Ғылыми деректерге негізделе отырып, көрме атауы Шәкәрім ақының өз сөзімен «Әрқашан ұмытылмасқа» деп аталды. Бұл сөз ғұлама ғалымның қолтаңбаларында кездеседі. Мәселен, бүгінгі күнге жеткен үш суретінің бірі – портреттік фотосуреті. Сақталып келген екі суреттің бірінде көне қадым ғарпімен: «Халелұлы Мұхамедин мырзаға, жас білгіштенәрқашан ұмытылмасқа Шәкәрім Құдайбердіұлынан. 1912 жыл 11 ғиянуар», – деп жазылған.DSC_0098

Көрме: «Білімділерге бес сауал», «Әрқашан ұмытылмасқа», «Үш анық», «Шәкәрім және өнер», «Шәкәрім кітапханасы», «Шәкәрім және дін», «Шәкәрімнің ұрпақтары», «Шәкәрім – Алашорда сотының төрағасы», «Шәкәрім музыкасы» атты бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ, көрмеге Шәкәрімнің қолы тиген шоқпар, саптаяқ сынды құнды жәдігерлер қойылды.

DSC_0124Шара барысында Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Берік Омаров Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғанда» әнін орындаса, музей жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінің шәкірттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Көрмеге Шәкәрімнің шөбересі Қайыртай қажы Мұхаммедшайыққызы,  қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Ойшыл ақынның 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа» көрмесі жыл бойы жұмыс істейді.