Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінде «Шәкәрім әлемі» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды.
Аталған көрме «Білім-Инновация» лицейінің «Шәкәрім» апталығы аясында мұғалімдер мен оқушыларға арналып ұйымдастырылып отыр. Жылжымалы көрме барысында қызғушылық танытқандар оқытушылар мен шәкірттер ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, өмірі жолы және ұрпақтары жайлы мағлұматтарға қанығып, білім көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік алып отыр.
Жылжымалы көрме 26 қаңтарға дейін жалғасатын болады.