АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ 24.07.2019 08:03

к1    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ақын, жазушы, философ, тарихшы Ш.Құдайбердіұлының туған күніне орай көрме ұйымдастырылды. 
   Шәкәрім Құдайбердіұлы хакім Абайдың дәстүрін жалғастырушы шəкіртерінің бірі, жастайынан немере ағасы Абайдың бауырында болып, оның барлық қор-нәрін к2 бойына дарытып, өз бетімен ізденіп, тума дарындылығының арқасында білім нәрін бойына жинақтаған данышпан ақын.
   Көрмеде Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ, һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық кітабы», «Қазақ айнасы», «Қалқаман – Мамыр», «Иманым» туындылары жəне Шәкәрімтанушы ғалымдардың еңбектері орын алды.