АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ӘСЕТ НАЙМАНБАЕВ МҰРАЖАЙЫНА ЕНДІ АҚЫННЫҢ НЕМЕРЕСІ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ 04.05.2018 14:48

 IMG-20180503-WA0020 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жеті бөлімінің бірі – Үржар ауданының Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбаев мұражайы. Осы мұражайға жетекші болып  ұлы Абайдың шәкірті, әйгілі әнші Әсет ақынның немересі Әсетова Ләзат Қожекеқызы тағайындалды. Ол мұнда IMG-20180503-WA0025бірқатар жыл экскурсовод қызметін жемісті атқарып келді. Абай шаңырағының әкімшілігі Әсет ақын мұражайының бұған дейінгі жетекшісі Разуев Әбен Тұйғынұлының иығына шапан жауып, сый-сыяпат жасап, құрметпен шығарып салды.

  Ақын немересінің алғашқы аяқ алысы қуантады. Абай музейі әкімшілігінің көмегімен Ләззат Қожекеқызы басшылық тізгінін қолына алған алғашқы күннен мұражай ауласының IMG-20180503-WA0027сырт бетінде тазалық жұмыстарын жүзеге асырып, оның қоршауын ауыстырды (суреттерде). Сонымен қатар ақын шаңырағының ауласына алма ағаштарының бойлары бір метрден асатын IMG-20180503-WA001612 түп көшеті отырғызылды.

  Әсет ақын немересіне жаңа қызметте табыс, отбасында бақ-береке тілейміз.