АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

СЕМЕЙЛІК СӘБИЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚЫДЫ 21.04.2018 10:36

  DSC_0127Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «ӘСЕМПАЗ  БОЛМА ӘРНЕГЕ» байқауы дәстүрлі түрде үшінші рет өткізілді.

  Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлендерін жасDSC_0068 бүлдіршіндер арасында насихаттау және нақышына келтіріп оқуға үйрету.

  Байқауға қаламыздағы отыз бір балабақшаның тәрбиеленушілері қатысты. Әрбір өнерпаз бала Абайдың өленін жатқа айтты.

  Өнер сайысының қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Ақ бота» ясли-балабақшасының тәрбиеленушісі Болат Нұрәлі иеленді.

 DSC_0184 I-ші орынды  «Айналайын» мектепке дейінгі шағын орталықтын тәрбиеленушісі Жұмағазы Сырым қанжығасына байлады.

  II-ші орынды Төлеген Хәнифә, Ерболов Ерали  иеленді.

  III-ші орынды Қамбарбай А, Қалихан М, Есімбек Б, Сұлтан Ә. өзара бөлісті.

  Жеңімпаздар мен көрермендердің ерекше ықыласына бөленген балалар DSC_0207музей тарапынан арнайы сыйлықтар алды.

  Бүлдіршіндерді байқауға дайындағаны үшін  мектепке дейінгі шағын орталықтың басшыларына, тәрбиешілеріне арнайы алғыс хаттар тапсырылды.

  «Әсемпаз болма әрнеге» байқауына Семейдің зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, студенттер, тәрбиешілер, ұстаздар келіп қатысты. Абай мұражайында «Әсемпаз болма әрнеге» байқауын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналған.

           DSC_0299       DSC_0342