name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕ 26.08.2016 14:58

  20160826_103347Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында 26 тамыз күні Суретшілер Одағының мүшесі Рымхан Смайылұлы Бейсекеновтың Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына орай жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

  Рымхан Смайылұлы 1960 жылы Алматы қаласындағы көркемсурет20160826_111542 училищиесін бітірген. Оны тәмәмдаған соң Омбы қаласындағы Педагогикалық институтының «бейнелеу өнер» факультетін аяқтайды. Кескіндеме және графика жанрында туындылары бар шебер өнер иесі. Бүгінгі көрмеде орын алған үлкен туындысы «Семей полигоны» триптихі арқылы автордың  ойы әсерлі беріліп, негізгі тақырып ашылған.

  1991 жылы 29 тамызда жаһандық ядролық тарихта жаңа дәуір басталды. 20160826_111704Семей полигонын жабу және ядролық қарудан бас тарту Тәуелсіз Қазақстанның адамзатқа берген алғашқы игілігі болды. Көрме авторы да Семей полигоны зардабын бастан кешкен. Негізгі тақырып арқылы «ядролық қаруға» тыйым салған,  халықты бейбіт өмірге  ұмтылдырған мемлекетті бейнеледі.

  Көрменің ашылу салтанатында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев құттықтау сөз сөйлеп, Р.Бейсекеновты алғыс хатпен марапаттады. Суретшілер20160826_112620 Одағының мүшесі С.Қасымханов жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, авторды көрменің ашылуымен құттықтады. Шараға мәдениет мекемелерінің қызметкерлері және автордың жақындары қатысты.