АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

СҰХБАТ-КЕШ САН АЛУАН ОЙЛАРДЫ ОРТАҒА САЛДЫ 21.11.2017 15:17

  DSC_003620 қараша күні Достық Үйінде М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің ұйымдастыруымен «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп...» атты сұхбат-кеш өтті. Рухани кештің қонағы – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты, ҚР Мəдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Болат Жүнісбеков. Бұдан бөлек, Болат Жүнісбекұлы «У» роман-эссесінің, «отАсу» роман-дилогиясының, екі томдық «Алаш-АЛЖИР» мен «Неповторимое многоцветье» кітаптарының авторы.

  Сұxбат-кешті М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шаған АлдамжарқызыDSC_0039 жүргізіп, қонақ болмысын ашуға арналған сұрақтарын қойып отырды. Мазмұны мен мағынасы жағынан тыңдарманына үлкен әсер сыйлаған басқосу орынды сұрақтар мен ойлы жауаптарға толы болды. Сондықтан да болар, кешке келушілер қонақ әңгімесінің әр сөзін қалт жібермей тыңдауға тырысты.

  Өрбіген сұхбат мазмұнына қысқаша тоқтала кетсек, қаламгер қолынан шыққан толағай туындылар тақырыбының өзі астарлы ойға құрылған екен. Әңгіме барысында айтылғандай, Болат Жүнісбекұлының романдар тақырыбында «У» әрпіне айрықша мән берілген. Бүкіл бір кітаптың тақырыбына «у» деген атауды қою арқылы Абай даналығын өз қырынан дәріптей түскен. Мәселен, Абай шығармаларында «у» деген сөз жиі DSC_0067әрі астарлы қолданылады. «Ішім толған у мен өрт», «Мен ішпеген у бар ма?» деген кемеңгер Абай ойы Б.Жүнісбеков шығармасында өзіне тән өрнек тапқан. Кітап авторы: «Өмірде адам баласы үшін қызыққа, қуанышқа, махаббатқа бөлейтін жағдайлар жеткілікті. Тек сол қызық та тәтті жайттарды шегінен асырып жіберсе, сол тәтті соңында уға айналады», – деген ұғымды жеткізген.

 Сонымен бірге, Б.Жүнісбекұлы келесі шығармасын неге «отАсу» деп атағанын және еліміздің рухани бағытта дамуына аса қажетті құндылықтар төңірегінде мазмұнды ойларын ортаға салды.

  Сұхбат-кештің өте мазмұнды әрі әсерлі болуы кеш қонағы Б.Жүнісбековтің өмір жолының журналистикамен басталып, үлкен лауазымды мемлекеттік қызметтермен ұштасқан кезеңде жиған тәжірибесі мен түйген ойларының нәтижесі екені анық.