АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «АБАЙ ЖӘНЕ ГЕТЕНІҢ РУХАНИ ҮНДЕСТІГІ» 22.12.2017 10:01

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Рухани жаңғыру:  «Абай және Гетенің рухани үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Гете, Лермонтов, Абайдай ұлы ақындардың ой мен сезім үндестігін бірнеше жыл бойы терең зерттеп, тың тұжырым  жасаған Айбек Кәрімов шақырылды.

DSC_0343Кіріспе сөзінде А.Кәрімов қазақ тілі тазалығының сақталуына балабақша тәрбиесі, мектептердегі бағдарлама, жоғарғы оқу орындарда білікті мамандар дайындаудың аса маңыздылығын тілге тиек етіп, елді-мекен, жер-су, шаруашылық субъектілер атауларының дұрыстығына көңіл бөлу керектігін атап өтті.

А.Кәрімов "Абайдың И.В.Гете – М.Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып...» өлеңінің мәні, мағынасы және ұлттық әдебиетіміздегі орны»" тақырыбындағы ізденістерімен бөлісті. Немістің ұлы тұлғасы И.В.Гетенің мемлекет қызметкері, үлкен ғалым және философ  ретіндегі жеке тұлғасына тоқталып, ұлы ақындардың үндестігі жөніндегі өз тұжырымын ортаға салды:

- И.Гете мен Абай Шығыс философиясы және поэзиясын жетік білген;

- Қасиетті Құран Кәрімді оқып, мейлінше білген;

- И.Гетенің «Жолаушының түнгі әні» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» аудармасының негізінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жөнінде мағлұмат берілген қасиетті Құран Кәрімнің 93-сүресі «Ад-духа»жатыр.DSC_0346

 Дөңгелек үстел барысында ұстаздар және Абай қорық-музейінің қызметкерлері Абай мен Гете шығармашылығына қатысты ойларын ортаға салып, өзара  пікір алмасты. "Абайдың И.Гете – М.Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып...» өлеңін біз оқу бағдарламасында осы уақытқа дейін таза табиғат лирикасына жатқызып келген едік. Бүгінгі бас қосуымыз бізге үлкен ой салып отыр. Гетенің өлеңі де, Абайдың аудармасы да философиялық шығарма екені енді дау тудырмайды», - деп қатысушы ұстаздар өз пікірін білдірді.

Шараға Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина, Т.Аманов атындағы №16, №27, №30 мектептерінен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.А.Құнафина, Ж.Н.Нұрлыбаева, Д.Б.Отынбаева, Д.Е.Қайрашова, тарихшы мұғалім С.Т.Төлеуғалиев қатысты.

Қалалық мәдениет сарайының директоры, әнші Н.Иманбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін нақышына келтіре орындады.