АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«РУХ ҮНДЕСТІГІ. ТАЛАНТ ҮНДЕСТІГІ» ӘДЕБИ КЕШІ 19.08.2019 09:07

DSC_0012  2019 жылдың  16 тамыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 174 жыл толуына орай «Рух үндестігі. Талант үндестігі» атты шара өтті.

  Абай және Пушкин әртүрлі кезеңдерде өмір сүргенімен, араларында көп ұқсастық бар. Екеуі де шын мәнінде халықтың ақыны болды. Екеуі де гуманистік ілімді және ағартушылықты дәріптеді. Олар рухани жағынан жақын, сол себептен Абай Пушкиннің шығармаларын сүйіп оқыды.

Ұлы орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл 113 мұраларының бірі – «Евгений Онегинді» де қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. Отыз жасынан бастап Еуропаның көптеген оқымыстыларының кітаптарын оқып, қырық жастан асқанда дүние асты-үстіне шығып, өзгеріп: «Күншығысым – күнбатыс, күнбатысым – күншығыс боп өзгеріп кетті», - деген Абайдың батыс әлеміне терезесі теңескен жаңа тынысының ашылуы жолындағы алғаш ұшырасқаны – Пушкин әлемі болды. Әдеби шарада Абай атындағы музыкалы-драма театрының артисі, Мәдениет қайраткері М.Сыдықов Абай әндерінен композиция, қалалық мәдениет сарайының әншісі Б.Слямқұлов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Абайдың әндерін нақышына келтіріп орындаған өнер иелеріне көрермен қауым өз ілтипаттарын білдіріп, қошеметке бөледі.

Кешке қала қонақтары, музей қызметкерлері қатысты.