АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХІХ АБАЙ ОҚУЛАРЫ АБАЙ МУЗЕЙІНЕН БАСТАУ АЛДЫ 24.08.2018 08:19

  39891302_1827243410703005_8802330036276297728_n22 тамыз күні ХІХ Республикалық Абай оқуларына арналған салтанатты шара ұлы ақын музейінен бастау алып, қатысушылар мен меймандар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысқан Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.Шарова, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков сөз сөйлеп, Абай оқуларына қатысушы өнерпаздарға сәттілік39914025_1827243520702994_3350946133017886720_n тіледі.
Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық ж39930133_1827243534036326_341785465826836480_nұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтай түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. 
  Бұл байқау мақсаты – мектеп оқушылар39834894_1827244047369608_7892755146663264256_nына Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрімнің шығармаларын насихаттау, Абайдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа оқуға, поэзияны сүюге, оны барынша бағалай білуге үйрету. 
Шара барысында Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармалары жатқа оқылып, әндері шырқалды.
   Салтанатты шара митингісіне зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқушылар қатысты. 
Жидебайда жалғасын табатын байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз.