Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайындағы «Абай» өнер мектебінің «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің оқушылары қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, өз қабілеттерін шыңдап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.
17-21 наурыз аралығында Өскемен қаласында «Алашорда қозғалысының 100 жылдығына» орай ұйымдастырылған дойбыдан облыстық чемпионатқа қатысқан Боранғали Айгерім үлкен жетістікке жетіп отыр. Ол чемпионатқа қатысқан қарсыластарына ұтымды ойын көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.
Айгерім, жеңісің құтты болсын. Болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспіз.