АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ӘНЕТ БАБАНЫҢ ЕСІМІ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ БЕРІЛДІ 01.07.2017 10:43

  big_5b53ae972d9b4d472017 жылдың 28 маусымында Қарағанды қаласының Орталық мешіт ғимаратына әйгілі тобықты руынан шыққан, қазақтың тарихынан ойып орын алған, «Жеті жарғыны» құрастыруға ат салысқан әйгілі Әнет Баба Кішікұлының есімі берілуіне орай ашылу рәсімі өтті.

  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Әнет бабаның ұрпақтары бұл күні облыстық мешіт ғимаратында жамағатқа үлкен ас беріп, құран бағыштады.

  Ашылу рәсіміне қатысқан семейлік қаламгер, шежіреші, этнограф Молдабек Жанболатұлы құттықтау-тілегінде: «Самалды Сарыарқаның төсіндегі қазағымның жомарттығындай ұлы даласындағы әсем қала Қарағанды бұрын да байлықтың ордасы, еліміздің Қуат көзі ғана емес, алып құрылыс ауыр өнеркәсібімен, ғылыми-техникалық жетістіктерімен, өскелең өнерімен, мәдени табыстарымен әлемге танылған қала болатын.

  Халқымыздың имандылық қасиетін, рухани дүние танымын дара даналық қазынасын бойына мол жиған Қарлығаш әулие – Әнет Баба атындағы ғимараттың үлгі-насихатымен Қарағанды енді еліміздің рухани ортасы болуына тілектеспіз. Солай болады деп сенеміз...» - деді.