АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ӨНЕРЛІНІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН» 17.03.2017 18:30

  DSC_01022017 жылдың 17 наурыз күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Абай» өнер мектебінде №47 мектеп оқушыларының «Өнерлінің қолы алтын» атты қолөнер туындыларының көрмесі өтті.

  Көрменің мақсаты -  оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, шәкірттердің шеберлігін көрсету. Музей мен мектеп арасындағы байланысты дамыту.

  «Абай» өнер мектебінің қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, оқушыны кәсіби дарындылыққа, іздемпаздыққа, іскерлікке, адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға үйретеді.DSC_0090 Қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар ұлттық тәлім-тәрбие береді.

  Абай қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева құттықтау сөз сөйлеп,  көрме жұмысына сәттілік тіледі.

  Көрмеде оқушылардың мата, түрлі-түсті қағаздан, моншақпен кестелеу жұмыстары, тоқыма және т.б. қолөнер туындылары орын алған. Сонымен қатар, шара барысында  мектеп оқушылары, «Авиценна» колледжінің студенттері Отан, туған жер тақырыбында өлең оқып, ән шырқады.  

  Көрменің ашылу салтанатына оқушылар, ұстаздар  мен студенттер қатысты.