name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ «ШЫҢҒЫСТАУ ШЫНАРЛАРЫ»КӨРМЕСІ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ 20.10.2017 16:56

DSC_0003 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай» өнер мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанындағы жатақхана оқушыларының «Шыңғыстау шынарлары» көрмесі мен мерекелік концерті 2017 жылдың 20 қазанында өтті.

 Көрменің мақсаты: «100 кітап», «100 ән» жобалары аясында әдебиетші ғалым, абайтанушы, аудармашы, драматург М.Әуезовтің туғанына – 120 жыл толуына арналған Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанындағы жатақхана оқушыларының ұлы тұлғаларды, өнерді құрметтеу қасиеттерін дамытуға, бейнелеу, қолөнер жетістіктерін қаламыздың орта мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне таныстыру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, мерекелік көңіл-күй сыйлау.DSC_0008

 Көрмені Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева құттықтауымен ашып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанындағы жатақхана мұғалімдері мен оқушыларына алғыс хаттар табыстады.

DSC_0031 «Абайды оқы, таңырқа...» аймақтық білім сайысыныңжүлдегерлері Г.Ерболатова, А.Серікқызы ақын Абай Құнанбайұлының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Июзи раушан...» өлеңдерін жатқа оқып, А.Асқарбекқызы және Г.Ерболатова «Көзімнің қарасы» әнін қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде орындады. Республикалық «Шоқ жұлдыз», облыстық «Жаса, жайна Қазақстан!» байқауларының жүлдегері, «7 В» сынып оқушысы Ж.ҒалымоваШ.Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және Д.Капезова Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әндерімен көрермендерді баурап алды.DSC_0049

 Көрмеде Мұхтар мұрасы, Абай, Шәкәрім әлемі – бейнелеу өнері туындылары арқылы жан-жақты ашылады. Сондай-ақ, көрмеден егеменді елімізде жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша орын алған. Оқушы қыздардың өз қолдарынан тіккен әсем, жаңа үлгідегі, ұлттық нақыштағы киімдері көрермендерге ұсынылды.

 Барша Семей халықы мен қонақтарды көрмені тамашалауға шақырамыз!