name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«МУЗЕЙГЕ СЫЙ-ТАРТУ» АКЦИЯСЫ 13.03.2017 17:25

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде белгілі журналист Мақсат Жарылғасынұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Музейге сый-тарту» акциясының тұсаукесері өтті.

  DSC_0185Музей директоры Б.Жүнісбеков өз алғысөзінде  мерейтой иесін құттықтап, «Абай» медалімен марапаттады, акцияның мақсатына жан-жақты тоқталды.

  Мақсат Жарылғасынұлы ұзақ жылдар Семей облыстық телерадио комитетінде редактор, аға редактор, қазақ редакциясының бас редакторы ретінде қызмет атқарған белгілі журналист.

  Мерейтой иесі Абай мемлекеттік қорық-музейінде қызмет еткен жылдары өнер тарландары Жәнібек Кәрменов, Мәдениет Ешекеевке арналған  кештер  ұйымдастырды.

  Кейінгі жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығынан ашылған «Университет тарихы және Шәкәрім мұражайын» құру және жәдігерлер жинау жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен атсалысты. Шәкәрімге қатысты өзінің жеке мүліктерін университет мұражайына табыстады.

  Құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін де Мақсат Жарылғасынұлы қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Шәкәрім Құдайбердиевтің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Шәкәрім ән мұрасын насихаттаушы Келденбай Өлмесековпен бірге өз қаржысына бір ай көлемінде Астана қаласында кездесу-DSC_0300лекциялар, концерттер ұйымдастырған.

  Кеш барысында академик Ғ.Есім, М.Жанболатов, Ж.Екібаев, Д.Сейсенұлы және басқа қонақтар мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, қоғамдық қызметіне жан-жақты баға берді.

  Мақсат Жарылғасынұлы бастатқан зиялы қауым өкілдері «Музейге сый-тарту» акциясының аясында өз тартуларын музей қорына тапсырды.

  Кешке қаланың зиялы қауым өкілдері және Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.