АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

МУЗЕЙДІҢ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! 15.05.2017 18:45

   Мамыр айының 18 жұлдызында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Халықаралық музейлер күніне орай «Өлең – сөздің патшасы» Музей түні мерекелік шарасын ұйымдастырады.

      Мерекелік шараның бағдарламасы:

      10.00-23.00 

- Музей достарының танымдық лекциялары (О.Кәрібжанов, М.Алин,   Е.Жетібаев, Л.Қадырова)

- Көрмелер: «Абай жолы» - Руханият жолы», «Абай жолы»: Алашты паш еткен әлемге»,  «Алаштың азап тартқан арулары»;

- Абай музейі бойынша тақырыптық экскурсиялар;

- Музейдің баспа өнімдерінің көрмесі;

- Күмбезді залда ақын өмірі туралы бейнефильмдер көрсетіледі.

     17.00-23.00 

- Ашылу салтанаты;

-Музыкалық колледж студенттерінің қатысуымен «Абай жолы»     романынан үзінді;

- Ақындар шеруі;

- Өнер қайраткерлерінің орындауында Абай, Шәкәрім әндері;

- «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан жарыс;

- Алтыбақан аясында қазақтың ұлттық әндері;

- Қол өнер шеберлерінің сатылым-көрмесі;

- Мерекелік от-шашу.

     Қымбатты жерлестер, қала қонақтары!

 Баршаңызды баға жетпес құндылықтарды тамашалауға шақырамыз!

Абай музейі 10.00 ден 23.00 дейін барлық келушілер үшін ашық болады. Мұражайға кіру тегін.

 

Абай музейінің баспасөз қызметі

8(7222) 52-38-52, 52-43-57