АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«МУЗЕЙ ТҮНІ» МЕРЕКЕЛІК АКЦИЯСЫ 19.05.2017 15:10

  DSC_02082017 жылдың 18 мамыр күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Халықаралық музейлер күніне орай  «Өлең – сөздің патшасы» мерекелік шарасын ұйымдастырды.

  Халықтың музейге деген қөзқарасы – олардың тарихи-мәдени мұраға көзқарасын білдіреді. Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оныңDSC_0149 нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына баулиды.

  Мереке күні музейде ашық есік күні ұйымдастырылып, музей достары Е.Жетібаев, М.Алин, Л.Қадырова, О.Кәрібжанов «Шәкәрімнің шығармашылығы», «Абайдың 150 жылдығы», «Ұлы тұлғалар және DSC_0175архив», «Тәуелсіздік Қазақстанның дамуындағы тарихи кезендер» атты танымдық лекциялар жүргізді.

  «Музей түні» акциясы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында  «Адай» күйімен ашылды.

  Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков музей қызметкерлерін төлDSC_0239 мерекелерімен құттықтап, Көкбай музейінің ашылуына атсалысқан Абай ауданының Құрметті азаматы С. Қошкеұлы, Шәкір Әбенов музей-үйін жаңғыртуға, Шәкір ақынның мұрасын насихаттауға үлес қосқан  К.Әлімбекұлына  музейдің «Абай» медалін тапсырды.

  Музей түні акциясында: ақындар шеруі, музейде өткен сайыс, байқау DSC_0268жеңімпаздарының орындауында Абай өлеңдері мен арнаулары, өнер қайраткерлерінің орындауында Абай, Шәкәрім әндері және «Абай жолы» эпопеясынан үзінді көрсетілді.

  Сонымен қатар, алтыбақан аясында қазақтың ұлттық әндері шырқалып, «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ және дойбы ойындарының жарысы ұйымдастырылды.

  Шара аясында қолөнер шеберлерінің  сатылым-көрмесі халық назарына ұсынылды.

  Музей түні акциясының құрметті қонағы жазушы, абайтанушы 33 жыл Абай музейініңDSC_0152 басқарған «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілі Б.Бәшірханова музей DSC_0156қызметкерлеріне мақтау қағаздарын тапсырды.

  Музей түні мерекелік шарасына ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдени мекемелер, ақын-жазушылар, студенттер, оқушылар келді.

  «Өлең – сөздің патшасы» шарасы мерекелік отшашумен аяқталды.

             DSC_0316  DSC_0308