name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

МУЗЕЙ ҚОРЫНА ТҮСКЕН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР 21.12.2016 15:56

  DSC_02212016 жылдың 21 желтоқсан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде ғалым-тарихшы А.Исин және ф.ғ.к., абайтанушы М.Сұлтанбековпен кездесу өтті.

  Шара барысында ғалым Амантай Исин қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне арнап жазылған өлеңін музей қорына тапсырды. Өлеңнің араб графикасымен жазылғандығы және бүгінгі графикаға түсірілгені туралы бұл хаттыңDSC_0275 түпнұсқасы әлі күнге дейін сақталғандығын баяндап айтып берді.

  Сонымен қатар, А.Исин атасы халық ақыны Биназар Исаұлы өз қолымен 1961 жылы жазған «Шәкәрім» шежіресінің түпнұсқасын да музей қорына өткізді.

  Кездесу барысында сөз алған абайтанушы М.Сұлтанбековте музейде еңбек еткен жылдары туралы өз естелік әңгімелерімен бөлісті. Сөз соңында кандидаттық диссертациясының авторефератын, қолжазбасын, кітаптарын музейге сыйға тартты.

  Шара соңында Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков өз алғысын білдіріп, музей қорына түскен тың деректердің алар орны ерекше екеніне тоқталып, ғалым А.Исин мен ф.ғ.к., абайтанушы М.Сұлтанбековке Абай музейінің «Абай» медалін салтанатты түрде табыстады.