АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

МУЗЕЙ БАСШЫСЫ - ОҚУЛЫҚ АВТОРЫ 18.10.2019 12:53

72567933_723902924750810_5943214347923750912_n    Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Кітап – ынтымақтастық пен келешек жолы» тақырыбында 72435453_723902978084138_4245093242405650432_n ұйымдастырылған халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында жаңартылған білім мазмұнына бағытталған Абайтану оқулық кешенінің тұсаукесер рәсімі болып өтті.
   Ж.Әубәкір мен Г.Құнафина авторлығымен жарық көріп отырған 9 сынып оқушыларына арналған оқулықтың, және Ж.Әубәкір, Г.Құнафина, 72600887_723903138084122_7281814950958333952_n Ж.Нұрлыбаевалардың авторлығымен шыққан әдістемелік бағдарламаның таныстырылымына университет ғалымдары мен оқытушылары, қаламыздағы мектеп мұғалімдері мен М.Әуезов атындағы 72789525_723903234750779_6617312939659493376_n педагогикалық колледждің студенттері қатысты.
   Оқулық құндылығы жайында филология ғылымдарының докторы, абайтанушы А.Еспенбетов өз пікірін жеткізді. Оқулық авторлары Абай туралы кітаптың ерекшелігіне жан-жақты тоқталды. 
Аягөзден арнайы келген зерттеуші, шежіреші Ғабит Зұлқаров және ұзақ жылдар білім, мәдениет саласында жұмыс істеген Аман Тілеубаев жаңа оқулықтың тұсауын кесті. 
    Университет әкімшілігі оқулық авторларына өз құрметтерін білдірді.