АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 29.03.2018 15:38

  DSC_0033Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Семей қаласының Білім бөлімімен бірлесе кемеңгер ақын, ғұлама ойшыл, сазгер, озық аудармашы, қоғам қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

  Шара Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның алғы сөзімен ашылды.

  Ғылыми-тәжірибелік семинар барысында «Мектеп бағдарламасында Шәкәрімнің прозалық шығармасынDSC_0069 оқыту», «Шәкәрім шығармаларын оқыту арқылы оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру», «Шәкәрім мұрасы – тәрбиенің құралы» және тағы да басқа тақырыптарда мұғалімдердің баяндамалары тыңдалып, ой-пікірлері ортаға салынды.

  Семинар жұмысына қатысқан ұстаздар жас ұрпақтың жетілуінде кемеңгер DSC_0075ақын, ғұлама ойшыл мұрасы баға жетпес алтын қазына болып табылады деп өз ойларын білдірді.

  Шара барысында Шәкәрім университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Е.Жетібаев, Білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина өз ойларын білдіріп, бұл өткізіліп отырған семинардың маңызына тоқталды.

  Іс-шараға70-тен астам қала және қала маңындағы мектеп мұғалімдері қатысты.

  Семинарда баяндама жасаған ұстаздарға сертификат берілді.