name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ № 40 МЕКТЕПТЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕ 02.09.2016 09:40

  IMG-20160822-WA0003Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Қ.Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Абайтанудың асқан білгірі» атты көрмені Астана қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 мектепте ашты.

  Көрмені өткізуге ұйытқы болған мектеп директоры Қ.Мұхамедхановтың шәкірті,IMG-20160822-WA0005 ғалым еңбектерінің 10 томдығын жарыққа шығаруға атсалысқан Е.Іргебай.

  Жылжымалы көрменің негізгі мақсаты: Қ.Мұхамедхановтың асыл мұраларын көпшілікке насихаттау, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолын, қызметін, абайтануға қосқан орасан үлесі жайлы және ғалымның музей ісін дамытудағы еңбегі жөнінде кеңінен мағлұмат беру.

  Мектеп пен мұражай арасындағы шығармашылық бірлістікті дамыту.

  Бұл көрме оқушыларды елжандылыққа, адами құндылықтарға тәрбиелейтін өнегелі мәдени іс-шара.