АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

М.ӘУЕЗОВТІҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ 29.09.2017 14:32

  22046153_1467096970050986_8910608404035362596_n28 қыркүйек заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні. Ұлы тұлғаның 120 жылдығына орай Алматы қаласында қала әкімдігінің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық22007762_1467097096717640_2616636027165895913_n Ғылым академиясы және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен «М.О.Әуезов және ұлттық жаңғыру» халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. Шараға жиналған қауымның назарына Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің «Абай жолы» алашты паш еткен әлемге» көрмесі ұсынылды. Симпозиум аясында өткен ғылыми конференция барысында Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Қазаққа емес, қараңғылыққа қапалы. Ұлы Абай мұрасын қызыл билік қалай бұрмалаған еді» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен
22045701_1467096973384319_4010547351868342220_nқатар, шара аясында оқушылар арасында жазушы шығармашылығына арналған республикалық сайыстың қорытындысы жарияланды. Сайыс жеңімпаздарының бірі арнайы тағайындалған Абай музейінің жүлдесіне ие болды.22050357_1467187363375280_6421737576696709366_n

  Жазушының 120 жылдығына арналған шаралар легі 29 қыркүйекте Семей қаласында жалғасын тапты. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің дәстүрлі «Мұхтар мұрасы-адамзат қазынасы» атты студенттер арасындағы сайыста жас ақындар мен М.О.Әуезов шығармаларын мәнерлеп оқитын жастар өз
өнерлерін көрсетуде.