name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

МҰРАТ ӘУЕЗОВ ТАРТУЛАРЫ 13.12.2016 11:21

  20161209_143623Абай қорық-мұражайы халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұрпағы филология ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовпен тығыз шығармашылық байланыста.

  Мұрат Әуезов мұражайға Мұхар Әуезовтің қазіргі зерттеушілерге мәлім емес мұрағат материалдары топтастырылған «Неизвестное в наследии Мухтара Ауэзова» жинағын, ұлттық әдебиеттерді салыстырмалы зерттеу және мәдени интеграция мәселелеріне қатысты ғылыми монографиялары енген «Времен связующая нить» атты жаңа еңбегін, сонымен бірге XX ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы жастардың Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресі жайындағы Ә.Әлпейісовтың «Жас тұлпар» дүбірі» повесін сыйға берді.

  Абай мұражайының қоры осындай жаңа басылымдармен толықты.