АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ӨМІРЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ 29.11.2017 16:52

  DSC_0282Абайдың «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы» атты салтанатты шара өткізді.

  2012 жылы ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес бірінші желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекітілгені белгілі.Содан бері бұл мерекені ынтымағы жарасқан тәуелсіз еліміз бесінші рет атап өтпек.

  Ежелден қазақ халқының ең асыл мұраты – еңселі ел болу. «Егемен болмай ел болмас, етектен кескенDSC_0287 жең болмас» деген халықпыз.

  Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, зор оқиға, тарихтағы үлкен бетбұрыс болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін баға жетпес бақыт. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол ата-бабаларымыз аңсап кеткен Тәуелсіздік мұратын нығайта түсудің барлық мүмкіндігін қарастырып келеді. Оған Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясаты мен ерен еңбегі куә.

  Ұлт көшбасшысы ұлт мұраты жолында ұлы Абай арманын үлгі тұтып келе жатыр. «Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен DSC_0293Мәңгі бірге жасайды. Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сөзін біз әркез үлгі тұтамыз.

  Аталмыш шара Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбековтің құттықтау сөзімен ашылды.

  Сонымен қатар  Абай қорық-музейінің экскурсиялық ғылыми-көпшілік бөлімінің жетекшісі Қ.Сабырбаев «Абай арманы және Елбасы мұраты»DSC_0302 тақырыбында баяндама жасады.

  Салтанатты шарада Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Б.Түктібаевтың және «Жас ұлан» арнайы ерлер лицей-интернаты ұландарының орындауында патриоттық әндер шырқалды.

  Мерекелік іс-шараға зиялы қауым өкілдері, студенттер, «Жас ұлан» арнайы ерлер лицей-интернатының ұландары қатысты.