АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ 20.03.2018 16:11

  DSC_0003Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Наурыз мейрамына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Көрменің мақсаты – өскелең ұрпақтың халықтың өткен тарихына, дәстүрі мен салтына  деген қызығушылығын арттыру.

  Кітап көрмесіне қазақ халқының мәдени мұрасына арналған М.Дулатовтың, С.Кенжахметұлының, М.Жанболатұлының, С.Қасимановтың, Б.Төтенбаевтың  еңбектері қойылды. Осы басылымдарда  Наурыз мейрамының тарихы, мәні,DSC_0015 қазақ салт-дәстүр жайы жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар көрмеге қазақтың беташар, тұсау кесу, шілдехана, қыз қуу және өзге де салт-дәстүріне арналған кітаптар қойылған. Бұл еңбектер қазақ халқының мәдениетін, дүниетанымын түсінуге, танып-білуге мүмкіндік береді.

  А.Құнанбаевтың,  І.Жансүгіровтің, М.Мақатаевтың Наурызға арналған өлең жолдары  көрменің мазмұнын аша түсті.

  Көрме қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы көрнекі мағлұмат беретін фотосуреттермен айшықталды.