name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ – МАҒЖАН ӘУЕЗОВ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ 31.05.2017 15:03

  DSC_00862017 жылдың 30 мамырында қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің немересі Мағжан Мұратұлы Алаштың рухани ордасы Семей қаласына келді. Құрметті қонақтарды Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің директорыDSC_0089 Б.Жүнісбекұлы қарсы алды.

  Қала әкімі Е.Сәлімов бастаған құрметті қонақтар алдымен «Алаш арыстары-М.Әуезов» мұражайына барып, М.Әуезов және Алаш қайраткерлерінің қоғамдық қызметі мен өнегелі өмірінен сыр шертетін архив деректері, тың құжаттармен танысты. Қыршыннан қиылған боздақтардың табаны тиген бұл мұражайдың бүгінгі DSC_0093таңдағы маңызы зор. Себебі, биыл азаттықтың дәнегі болған Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр.

  Сонымен қатар, Мағжан Мұратұлы қорық-музейдің бас мұражайына келіп, Абай, Шәкәрім, Мұхтардай үш алыптың өмір жолымен, М.Әуезовтің 120DSC_0123 жылдығына арналған «Абай жолы: Алашты паш еткен әлемге» атты көрмесін тамашалады.

  Экскурсия соңында, музей директоры Б.Жүнісбеков асыл тегін ұлықтап келген Мағжан Мұратұлына және қала әкімі Ермак Сәлімовке Абайдың төрт тілде жарыққа шыққан жыр жинақтарын табыстады.