name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» КІТАП КӨРМЕСІ 11.05.2017 18:30

  IMG-20170511-WA0005Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс – Ұлық мереке» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстың аяқталғанына 72 жыл толып отыр.

  Кітап көрмесіне сұрапыл соғыста от кешкен қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы Ә.Толғанбаев, партизан Қ.Қайсенов, халық қаһарманы Б.Момышұлы, жазушы, соғыс ардагері Ә.Нұршайықовтың еңбектері, сонымен қатар Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітаптар қойылды. Мұнан өзге Қ.Бақбергенов, С.Борзунов, Ю.Семеновтың кітаптары көрме мазмұнын толықтырды.

   Жеңіс тарихы баяндалған кітап көрмесімен оқушы жастар және баспасөз құралдарының өкілдері танысты.