АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ 17.04.2017 14:50

  11-14 сәуір аралығында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері Г.Бейсембинова, Н.Боранбаев, Б.Ахмер Семей қаласындағы №10, Мұқыр және Прииртыш ауылдарындағы мектептерде «ҰлыIMG-20170414-WA0031 даланың ұлы перзентті» атты көрме ұйымдастырды.

  Көрмеде бас ақынның өмір жолы мен шығармашылығы ұстаздар мен оқушылар қауымына толықтай таныстырылды. Ұлылар мекенінде дүниеге келген Мұхтар Әуезов пен Шәкәрім Құдайбердіұлының да тағылымды ғұмыры жайлы өнегелі ой өрбіп, Абай мұражайына қарасты барлық бөлімдер туралы кеңінен айтылды. Шара соңында IMG-20170411-WA0006оқушылар назарына «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты бейнефильм ұсынылды.

  Ұстаздар мен оқушылар Абай қорық-музейінің ғылыми қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп, шығармашылық байланысты нығайта беруге тілектестік білдірді.