АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ» КӨРМЕСІ АСТАНАДА 17.05.2018 16:14

  2018 жылдың 17 мамыр күні сағат 11.00-де Астана қаласында Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығында хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы даланың Ұлы ақыны» көрмесі ашылды.

  DSC_0052Көрме Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында және 18 - мамыр Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылып отыр. Аталмыш іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, елімізге танымал зиялы қауым және мәдениет және қоғам қайраткерлері, студенттер, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.DSC_0084

  Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы Абай есімі, Абай поэзиясы, Абайдың философиялық қара сөздері – қазақ халқының ұлттық санасының оянып қана қоймай, рухани қайта жаңғыруында, қоғамның өркениеттілікке ұмтылуында DSC_0088айрықша орын алатын алтын діңгек екенін атап өтті.

  Сонымен қатар, шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивінің директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы сөзDSC_0049 сөйлеп, көрмені тамашалауға келген меймандарға алғысын білдірді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұстазы, дәстүрлі әнші Гүлмира Сарина Абай әндерін орындады.

  Хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, қоғамдық қызметінен сыр шертетін көрме Астана жұртшылығына құнды деректер мен жәдігерлерді ұсынып отыр. Көрмеден Абай оқыған медресе кітаптарын, Абайдың өлкетану музейіне өз DSC_0165қолымен тапсырған құнды заттарды, Абайдың ұлы Мағауияға жазған хатын, әкесі Құнанбай қажының тақиясын, Абайдың нағашы атасы Тұрпанның ер-тоқымын, Шәкәрімнің шоқпары мен саптыаяғын, Тобықты елінде кең тараған үш ішекті домбыраны тамашалауға болады.

  Астана қаласында ашылған «Ұлы даланың Ұлы ақыны» көрмесі 2018 жылдың 25 маусымына дейін қызығушылық танытқан көрермендерге қызмет көрсететін болады.