АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ» БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ БОЛЫП ҚАЙТТЫ 19.09.2017 11:29

  IMG-20170918-WA0019Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі      тарапынан  «Отбасы» күні құрметіне Семейдегі облыстық «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» тәрбиеленушілері ортасында «Ұлы дала елінің Ұлы ақыны» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

  Ұлы ақынның өмірі мен өнегесін паш еткен көрме интернат балаларына қызықты әрі әсерлі болды. Олар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алып, өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, ұлы Абайдың жастар тақырыбы мен білім ғылымға қатысты ойлары, өсиет-өнегесі жасөспірімдердің жандүниесін баурай түскенін байқадық.

  Елімізде Отбасы күнін мерекелеу жыл сайын кеңейе түсуде. Себебі бұл шара неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылық пен рухани құндылықты  нығайтуға негізделген.

  Отбасы – шағын мемлекет, тәлім-тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершілік ордасы. Кез келген адам баласы үшін өз отбасының орыны бөлек.  

  Ұрпақ келешегіне ұлы Абай үлкен сеніммен қараған. Кемеңгер қара сөзінде «...Балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма» деген даналық сөзі баршаны  ғылымға, мәдениетке шақырып, үлкен үміт артқанын білеміз.

  Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты – оқушыларға ұлы ақынның өмір жолын, тағлымын, өскен ортасын, шығармашылығын насихаттау. Сол арқылы ата-анасыз өсіп жатқан балалар бойына патриоттықты сіңіру.

  Кездесу барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін оқып, музей қызметкерлерімен еркін пікір алмасып, өз ұсыныстарын айтты.

  Шара соңында мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Қинаятқызы ұйымдастырылған шараға өз алғысын білдіріп, осындай шгығармашылық байланысты үзбеуге тілектестік білдірді