АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ҚАСИЕТТІ МҰРА» ЖОБАСЫ ЖИДЕБАЙДА 27.07.2018 14:29

 2 Жақында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің Жидебайдағы Абайдың музей-үйі бөлімінде «Ұлы Дала елі – қасиетті мұра» жобасына қатысушы жастар келіп, тарихи деректерге қанығып ұлы ақын мұрасымен жақын танысты.

  Аталған жоба Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қорғанысының аясында 1Шығыс Қазақстан аймағында жалғасын тауып отыр.

  Ағымдағы жылы Астана,  Алматы қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау облыстарында бастау алған акция эстафетасын шығыстық жастар қабылдап алған болатын. Аймақтың «Жаңғыру жолы» жастар штабы Жидебайдағы Абайдың музей-үйінде облыстық «Алтай» телеарнасының арнайы түсірілімін жүргізді. Тарихи орындарды тану, мұраларды қастерлеу, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып отырған игі бастамалардың бірі.