name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ» ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ 04.04.2017 15:57

 DSC_0024 2017 жылдың 4 сәуір күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің  «Абай» өнер мектебінде №31 мектеп оқушыларының «Ұлы дала өрнектері»  атты қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

  Көрменің мақсаты: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылыDSC_0022 танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, шәкірттердің шеберлігін көрсету. Мұражай мен мектеп арасындағы байланысты дамыту.

  «Абай» өнер мектебінің қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, оқушыны кәсіби дарындылыққа, іздемпаздыққа, іскерлікке, адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға үйретеді. Қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар ұлттық тәлім-тәрбие береді.

  DSC_0044Көрмеде оқушылардың мата, түрлі-түсті қағаздан, моншақпен кестелеу жұмыстары, тоқыма, ағаш, киіз және т.б. қолөнер туындылары орын алған.

  Шара барысында №31 мектеп оқушысы Рысбек Аяулымның орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі  орындалды.

  Көрменің ашылу салтанатына музей қызметкерлері,  оқушылар, ұстаздар,  студенттер қатысты.