АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ҰРПАҚҚА МӘҢГІ ӨНЕГЕ» 24.04.2017 12:35

  DSC_0015Абайдың «Жидебай-Бөрілі»мемлекеттік қорық-музейі Семей өңірі Еуразия Дизайнерлер одағымен бірлесіп «Ұлттық өнер – ұрпаққа мәңгі өнеге» көрмесін өткізді.

   «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халық даналығы.

  Қолөнер - қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік,DSC_0001 тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа  саф алтындай беріліп келеді. Сол ұлттық өнерді келешек ұрпаққа жеткізіп, үйретіп жүрген бүгінгі қолөнершілер.

       Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ,

       Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ.

       Үлгі алсын деймін ойлы жастар,

      Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ, -

DSC_0098деп жырлаған Абай да, оның ақын, әнші шәкірттері  Шәкәрім, Көкбай, Әсет, Әлмағамбет, Мұқаларды ұрпаққа ұлттық өнер мен қолөнерді аманат етіп, насихаттаушылардың бірі деп айтуға болады. Абай жаңашылдыққа, әдемілікке, сұлулыққа деген ұмтылысы туралы талай естеліктерде жазылған. Шәкірті әрі інісі Шәкәрімнің де қолөнерге шебер болғаны белгілі. Шәкәрім жасаған үлгідегі кимешек, ою-өрнектер бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

  Ал, Абайдың 1885 жылы Өлкетану музейіне тапсырған әрбір жәдігері қазақ қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан үздік туындылар деп атауға болады.  

  Көрме  Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның алғы сөзімен ашылып,  ҚР СОDSC_0112 мүшесі, Семей қаласының Шәкәрім университетінің құрметті профессоры, суретші-педагог Н.Өтепбаев және Семей өңірі Еуразия Дизайнерлер одағының жетекшісі, ҚР СО мүшесі, Шәкәрім университетінің оқу өндірістік шеберханасының  жетекшісі М.Төлеубекұлы өз тілектерін білдірді.

  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенті Дана Ағзамқызы халық әнінен, 39 орта мектеп мұғалімі Н.Уахит  күйден шашу шашты. Сондай-ақ, Семей өңірі Еуразия Дизайнерлер одағы мүшелеріне дипломдар мен куәліктер табыс етілді.

  Шара қонақтары Сакен Назарханұлы, Нағым Омарғалиева, Үмітхан Айтказина, Галина Гондаревская, Асима Баекенова, Сейлбег Асхан, Сайрамгуль Джумадилованың және тағы басқа  дизейнерлердің ағаштан, сүйектен, теріден жасалған жаңа үлгідегі бұйымдары мен тоқыма, тігін және дизайнерлік бұйымдарын тамашалады.