name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» 29.11.2017 11:45

  DSC_0012Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Семей өңірі Еуразия Дизайнерлер одағының «Ұлттық қолөнер – ұлт мақтанышы» атты көрмесін өткізді. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері бар. Сол ұлттық өнерді келешек ұрпаққа жеткізіп, үйретіп жүрген бүгінгі қолөнер шеберлері. Қолөнер – ұлттың сан ғасырлық мәдениеті  мен дәстүрін дәріптейтін айқын айғағы. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де ерекше орын алған. Зергерлік туындылар жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер қосатын болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығана, жүйріктердің бәйгесіне сыйғаDSC_0059 беріліпғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа  саф алтындай жалғасып келеді.

  Көрмеде Астана  Еуразия Дизайнерлер одағының жетекші профессоры Е.Сабырұлы мен Еуразия Дизайнерлер одағының жетекшісі М.Төлеубекұлы өз ойларын ортаға салды.                                

  №36 мектептің  мұғалімі Нұрланбек Оқид күй шертіп, Шәкәрім универстиетінің студенті Фаизова Назерке халық әнін шырқады. Сондай-ақ, Семей өңірі ЕДО мүшелері көрмеге қойған туындыларының нәтижесіне орай алғыс хаттармен мараппатталды .

  Көрмеге келушілер Астана ЕДО жетекшісі Е.Асылханов, Н.Омарғалиева, Ү.Айтказина, А.Абылайхан, DSC_0161Б.Сакенұлы, М.Орымбайқызы және тағы басқа  дизейнерлердің ағаштан, сүйектен, теріден жасалған жаңа үлгідегі бұйымдары мен тоқыма, тігін және дизайнерлік бұйымдарын тамашалады.