name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛТ ҚАСІРЕТІ - ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ МӘДЕНИ ШАРА 31.05.2017 15:06

  46546856545654Зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы 31 мамырда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп Жарлық қабылдағаннан бері 31 мамыр күніIMG-20170530-WA0025 қазақ халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып аза тұтады.

  Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық- мұражайында 2017 жылы 30 мамыр күні студенттерге «Ұлт қасіреті - ұрпақ жүрегінде» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Шара барысында Абай қорық-мұражайының қызметкері М.Қарамеңді XX ғасырдың басында қазақ халқын  сарсаңға салып, қасірет шектірген жылдардың оқиғасына, бұл күннің IMG-20170530-WA0045ерекше маңыздылығына тоқталды. Шара аясында Абайтанудың негізін қалаушы, шәкәрімтанушы, текстолог, ақын, жазушы, солақай саясаттың құрбаны болған Қ.Мұхамедханов туралы фильм көрсетілді.

  Шара соңында студенттер саяси қуғын-қуғын және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің Абай музейіндегі «Алаштың азап тартқан арулары» атты көрмесін тамашалады.

  Танымдық шараның мақсаты: Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну.