АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘЖІЛІС БОЛЫП ӨТТІ 24.10.2017 09:23

DSC_0025Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіндегі «Латын әліпбиі – уақыт талабы» дөңгелек үстел басында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне байланысты үлкен жиын болып өтті. Мұнда осы мәдени мекеменің жетекші ғылыми қызметкері М.Кенемолдин «Латын әліпбиі – уақыт талабы» деген тақырыпта баяндама жасады. «Елбасы «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» атты мақаласында  айтқандай, - деді ол, - қазіргі уақытта қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты талқыланып, 2025 жылға дейін толықтай жүзеге асыру қолға алынды».

Шынында латын графикасына көшу – уақыт талабы, мемлекеттік маңызды мәселе болып табылады. DSC_0039Бүгінде латын әліпбиі – цифрлы технология, ақпарат, коммуникация негізіне айналып отыр. Бұл латын әліпбиінің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және тағы басқадай әлеуеттік басымдықтарын көрсетеді. Сол себепті латын әліпбиіне негізделген жазу түрі жер жүзінде кең қолданысқа ие. Мысалы, әлем халықтарының 40 пайызы осы латын графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланады. Мұның өзі латын әліпбиі – әлемдік өркениет тілі екенін айғақтайды.

DSC_0027Сондықтан да әлемдік бәсекеге қабілетті болу үшін бізге латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін тезірек қолданысқа енгізуіміз қажет. Міне, мемлекеттік тілге байланысты өткізілген «Латын әліпбиі – уақыт талабы» дөңгелек үстел басындағы әңгіме осындай мәселелер төңірегінде өрбіп, қызу талқыға түсті.DSC_0033

Шараға Абай музейінің ұжымы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің студенттері мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.