АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ХУАН ЖАННЫҢ (ҚАБАЙ) АБАЙ МУЗЕЙНІЕ ТАРТУЫ 01.08.2018 15:16

  ккАбайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне Ертіс бойындағы қалалар мен елді мекендердің салт-дәстүр, тұрмыс-салтын зерттеу мақсатында Қытай-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша ұйымдастырылған экспедиция 2016 жылы келіп қайтқан еді. Олар Абай қорық-музейі экспозициясын тамашалап, өзара пікір алысқан болатынбыз.

Жақында аталмыш экспедиция мүшелері Абай шаңырағына тағы ат басын бұрды. Кездесу барысында музей қонақтары Қытайда Абайды алғаш рет зерттеген аудармашы Хуа4 - копиян Жанның арнайы ұлы ақын шаңырағына жіберген еңбектерін сыйға тартты.

Қытай ішіндегі қазаққа ең жақыны әрі құрметтісі Қабай мырзаның қолтаңбасымен келген кітаптар қатарында Абайдың толық жинағы, таңдамалы өлеңдер жинағы, Абайдың қарасөздері, «Абай жолы» романының екі томы, сонымен бірге, Қабай қарияның жаңадан шыққан зерттеу еңбектері бар.

Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков бар өмірін Абайға арнаған ғалымға алғыс-сәлемін айтыDSC_0006п, Абай елінен естелік болсын деген ниетпен Абай - Пушкин шығармаларының жинағын сыйға тартты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

 қорық-музейінің баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7222) 56-59-76