name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ХАРЕКЕТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ 22.05.2017 18:33

  2Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, дінтанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға оқытушысы Омар Жәлелдің «Харекет» кітабының тұсаукесер кеші өтті. Сонымен қатар, кеш қонағы ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Досай Кенжетай қатысты.

  Кеш барысында ғалым харекет сөзінің мән-мағынасын, кітапты жазудағы мақсатын, он бес жылдық ізденісін оқырман қауымға жан-жақты әңгімелеп берді.1 Көпшілікті адал кәсіппен табыс табуға, үздіксіз ізденуге, білім алуға шақыратын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, даналар ізімен жүрудің маңыздылығын түсіндірді.

  Шараға қала мектептерінен келген ұстаздар мен студенттер қатысты. Салихалы да салмақты сөздерінен үлгі-өнеге алған оқырман қауым      О.Жәлелге ризашылығын білдірді.

  Қара шаңырақты құрмет тұтып келген қонақтарға музейдің баспа өнімі - Абайдың төрт тілде жарыққа шыққан кітабы сыйға тартылды.