АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ФОРУМЫ АЯСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРА 28.05.2019 08:43

 WhatsApp Image 2019-05-27 at 18.48.46 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ІІІ Халықаралық Білім форумы аясында «Абай философиясының өркениеттік феномені» тақырыбында ғылыми іс-шара өтті.

  Іс-шараға белгілі профессорлар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және Абай қорық-музейінің қызметкерлері қатысты. Аталған іс-шарада философия ғылымдарының WhatsApp Image 2019-05-27 at 18.48.42 докторы, академик Ғ. Есім, «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т. Шаңбай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М. Қайрамбаева ақын мұрасы жайлы арнайы баяндамалар  жасады.

  WhatsApp Image 2019-05-27 at 18.48.46 (1) Басқосу барысында ақынның қара сөздері мен өлеңдері оқылып, әншілер Абай әндерін  шырқады. Іс-шара соңында халықаралық форумға Иорданиядан келген қонақтар – Ислам ғылым академиясының бас директоры, профессор Зоби Монифа және араб тілі және әдебиеті университетінің профессоры Басма Даджани музей экспозициясын тамашалады.