АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ХАКІМ АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ 23 ТАМЫЗ 12.08.2019 16:22

68276232_676434662830970_626540938558177280_n   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Абайтану мәселесі: туған күні жөніндегі деректер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
  Шараның мақсаты қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, хакім данамыз Абай67664284_676434802830956_598711835402698752_n Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ақынның өлеңдерін зерделеу, шығармашылығын жаңғырту, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру. Аталған шараны республикалық деңгейде атап өту үшін алғышарттар жасау. Ұлы ақынның туған күніне байланысты туындаған даулы мәселелерге шығармашылық, ғылыми топтың өкілдерімен талдау жасап, түйінін 67737217_676434869497616_6333066553696714752_n шешу. Абай шығармашылығын топтастырып, зерттеу жұмысын жүйелендіру, шығармашылығының насихатталуына ықпал жасау. 
  Жиын аясында абайтанушы, зерттеушілер, әдебиеттанушылар мен ғалымдар Абайдың туған күніне қатысты пікірлерін білдірді.
  Шара соңында Е.Тілешов, О.Жәлел, А.Мұхаметқали, С.Жұмағұл және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар Абай Құнанбайұлының туған күні 23 тамыз деген ортақ тоқтамға келді.